Жер планетасы климаттық шарықтаудың шегіне жетті. Атмосфераға шығарындылар көбейіп, табиғи апаттар бүкіл әлемде жойқын болып жатыр. Бірақ үміт әлі де үзілген жоқ. Жаңа зерттеуде 2015 жылы Париж келісіміне қол қойылғаннан бері бес үлкен өзгеріс болды – делінген.  «Көміртексіздендіру» және «таза нөл» сияқты терминдер күнделікті өмірге енгенімен, барлық уақытта бұлай болған жоқ. Ғалам ғалымдары соңғы 10 жылда мәселеге бас қатырып, ілгерілеушілік байқалды.

 NewClimate неміс коммерциялық емес институтының зерттеуіне сәйкес, біз күн энергиясын пайдаланудан бастап электромобильдерге дейін дұрыс бағытта жүріп жатырмыз. Он жыл бұрын қоғамның кейбір топтары ғана климаттың өзгеруі туралы көбірек хабардар болып, алаңдаушылық танытты. Соңғы жылдары бұл жағдай түбегейлі өзгерді. 2014 жылы әлемнің 17 елін қамтыған BBC сауалнамасы респонденттердің 40%-ы климаттың өзгеруін маңызды проблема деп санайтынын көрсетті. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 60%-ға дейін өсті. Қазақстанда да осы мәселе шешіліп келеді.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда респонденттердің 85%-ы климаттың өзгеруін жаһандық төтенше жағдай деп санайды. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка тұрғындарының 72%-ы, араб елдерінің 64%-ы, Латын Америкасы, Кариб теңізі және Азия-Тынық мұхиты тұрғындарының 63%-ы және Сахараның оңтүстігіндегі африкалықтардың 61%-ы бұған келіседі.
Қазіргі уақытта бұл мәселе бүкіл әлемдегі қоғамдық және саяси дискурста басты орын алады. Бұқаралық ақпарат құралдарында климаттық проблемаларды кеңінен жариялау, сондай-ақ оларды білім беру бағдарламаларына енгізу азаматтарды климаттық өзгерістердің себептері мен салдары туралы біліммен қамтамасыз етеді.
Жания Хайбулина, жобалар үйлестірушісі
- Климаттың өзгеруі бұл өз алдына дербес тәуекел емес. Ол – әлемге ортақ қауіп-қатерді туғызып тұрған бірегей фактор. Оның салдары бүкіл әлемге сезіліп отыр. Әсіресе, климаттың өзгеруіне келгенде, осалдық танытатын дамушы елдер ерекше қатты сезіледі. Біз жастар арасында осындай идеяларды таратуымыз керек.

Климаттың өзгеруі саласында қазір ірі жобалар қолға алынып жатыр. Себебі, елімізде де бұл құбылыс ғалымдарды алаңдатып отыр. Былтыр Қазақстанда маусымнан желтоқсанға дейін ай сайын күн ысып, температуралық рекорд орнатылды. Эль-Ниньо климаттық құбылысы аясында бұл үрдіс 2024 жылға дейін жалғасады дейді сарапшылар.