Түркістан облысының спортшылар қауымы еліміздің су басқан өңірлеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, өз көмектерін көрсетуде. Қатардағы азаматтардың ұйымшылдығының арқасында азық-түлік, сусындар, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар зардап шеккендерге қажетті заттар жиналды.

 Басқарма басшысы Қанат Жолдықараев күрделі жағдай кезінде көмек қолын созған әріптестеріне алғысын білдіріп, осындай игі шаралар түркістандық спортшылардың назарынан тыс қалмағанын тілге тиек етті.Айта кетейік Түркістан облысынан өзге өңірлерге көмек ретінде 200 тоннаға жуық материалдық көмек жөнелтілген болатын.