Шымкентте жыл басынан бері 10 мың ағаш көшеті отырғызылған.  Егілген көгалды суару үшін ұңғыма қазу жұмыстары да жүйелі. Мегаполистегі көгалдарды сандық есептеу бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Қазір тиісті мекемелердің көмегімен ағаштарды цифрландыру ісі қарқын алған. Бастама мемлекет қарауындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне жол бермейді.

Биыл қыс мезгілінде шаһарға шамадан тыс қар түсті. Ауа райы қала тұрғындарына қолайсыздық тудырмау мақсатында уақытылы тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілген еді. Әсіресе қоғамдық көліктердің қозғалысына кедергі келтірмейтін әрекеттер жүргізілген.

Республика көлемінде қарқын алған “Таза Қазақстан” акциясының мегаполистегі аяқ алысы қарқынды. 5 жетіге созылатын экологиялық апталыққа мемлекеттік қызметкерлермен қатар қала тұрғындары да атсалысуда. Мамандар азаматтарды жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында осы науқанға белсенділік танытуға шақырып отыр.

Елімізде орын алған су тасқынының Шымкентте де орын алмауы мақсатында тиісті басқарма Бадам өзеніне бөгет қою ісін қолға алған. Сондай-ақ Елтай тұрғыналабы маңында қауіпсіздік шаралары күшейген. Мамандар азаматтарды қоғамдық орта тазалығын сақтап, мегаполистің тиісті деңгейде дамуына үлес қосуға шақырып отыр.