Бүгін 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Атаулы күнді әлем елдері өзіндік ерекшеліктерімен әр қалай атап өтеді. Кітап оқу мәдениеті жанданып жатқан біздің елімізде де аталмыш күн кітапсүйер қауымның басты назарында. Осы ретте, оқырман мен кітаптың басын қосып тарихи игілікті заманауи үлгіде жалғастырып жатқан кітапханалар - зор үлескер. Солардың бірі қаламыздағы Пушкин кітапханасы. Кітапхананың бүгінгі арнайы шаралары мен кітап мәдениетін дамытудағы жаңашыл әдіс-тәсілдерін сұрап қайтқан едік.

Атаулы күнге орай  Пушкин кітапханасы Кітап Фест фестивалын ұйымдастырды. Арнаулы шарада кітап көрмесі мен жаңа туынды таныстырылымы орын алды. Сондай-ақ, кітапхана ұйымдастырған «Алтын  Қор» кітап қоры акциясына атсалысқан авторлар мен мекемелер қонақ болды. Жаңа білімге асық жандар кітапхананың алдын ала хабарланған кітап алмастыру шарасы аясында жаңа кітаптармен қауышты.

Ақпараттық технология енді дамып жатқан шақта кітап оқу мәдениеті тоқырап, адамдар бұдан былай кітап оқымайды деген күдікте артқан тұғын. Алайда алып қазына өз деңгейіне қайта оралып  жатыр. Кітаптың мәңгі білім көзі екенін түсінген бүгінгі қоғам керісінше заманауи технологияны  кітап мәдениетінің игілігіне иілдірген. Тап осы тәжірибіне Пушкин кітапханасы да қолданып, елеулі нәтижелерге ие болып жатыр.

Ерінбей кітап оқып көруге жасалған мүмкіндіктердің барына дән риза қала тұрғындары, жағдайдан бөлек қажетті кітаптардың оңай табылатынын алға тартып, кітап айналасындағы даму шаралары әрмен қарай жалғасын таба берсін дейді.