Қазақстанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша идеологиялық жобасы дайындалып жатыр. Кешенді жоспар қоғамның рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған 6 негізгі бағытты қамтиды.

 Олар:Тәуелсіздік және отансүйгіштік; бірлік пен ынтымақ; әділдік пен жауапкершілік; құқықтық тәртіп;еңбекқорлық пен кәсібилік; жасампаздық пен жаңашылдық. "Жоспар әр сала бойынша еліміздің зиялы қауым мен белсенді өкілдерін ауызбіршілікке, жастардың рухани дамуына және бір ел болып жаңа ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және дәріптеуге негізделеді. Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралар аға буынды және жас ұрпақты, сонымен қатар зиялы қауымды орта мақсатқа біріктіреді", – деді Олжас Бектенов.