Көктем келе саябақтар мен гүлзарлардар серуен құруға асығатынымыз анық. Ал ондағы қауіпсіздікке қаншалықты көңіл бөлеміз? Көгал шөпте кенеден қалай қорғанамыз? Осы мақсатта Шымкенттегі саябақтар да залалсыздандырылатын болды. Көктемгі маусымда қала бойынша 2 миллион шаршы метр бақ пен гүлзар аумағында дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Тиісті сала басшысы кенеге қарсы жұмыстың қалай жүргізіледітінін баяндап берді.  

Көктемгі залалсызданыру жұмысы кезінде жалпы 4,6 миллион шаршы метр аумақта дезинфекция жұмысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде қаладағы халық қарасы көп жиналатын саябақтар мен гүлзарлар да бар.

Залалсызданыру жұмысы басқарма тарапынан саябьақтар мен гүлзарларда, сондай-ақ тек малы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерде бюджет есебінен жүргізіледі. Бұл жұмыстар үшін 71 милллион теңге қаржы бөлінген. Оны коммуналдық мекеме көктемгі және күзгі залалсыздандыру маусымында игереді.

Бүгінде Шымкентте 44 адам кене шағы бойынша медициналық көмекке жүгінген. Былтыр дәл осы уақытта 105 адам болған, делінген хабарламада. Мамандар кене шаққанда бірден дәрігерге бару керегін ескертті.

Ветеринариялық шараларды жүргізу маусымында мал және қора жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге, ірі малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуге, ұсақ малдарын арнайы тоғыту орындарына жеткізуге міндетті.