«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Қаратау ауданының тұрғындары мен еріктілер бұл жетіде көпқабатты тұрғын үй аулаларын  тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Көмекке жас экологтар келіп, акцияға өз үлестерін қосуда.


«Таза Қазақстан» акциясы аясында Тұран шағын ауданындағы көпқабатты  үй аулалары тазартылып, абаттандырылды. Тұрғындар мен еріктілер аумақтағы ағаштарды әктеп, орындықтарды сырлап, арық – атыздарды тазаласа, коммуналдық мекеме қызметкерлері ағаштар мен көгалдарды ретке келтірді.   

 Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға,  қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды  көздеген науқан аясында әкімдік қызметкерлері  қала тұрғындарын белсенді болуға шақырды. Айлық аясымен ғана шектелмейміз, деген олар әрмен қарайда санитарлық  тазалық жұмыстарының жалғасатынын жеткізді.   

Тазалық жұмыстары барысында жиналған қоқыс, арнайы көліктерге тиеліп қоқыс полигонына жөнелтілді. Бүгінгі шараға 11 арнайы техника,  130 дан астам адам жұмылдырылған. Санитарлық жұмыстар қаланың өзге аудандарында да жүргізілуде. Әр апталықта белгіленген аумақтар тазаланып, абаттандырылуда.