«Таза Қазақстан» акциясы тазарту, тал егу жұмыстарымен шектелмейді. Науқанның мақсаты сол – қала көшелерін тәртіп пен тазалалыққа шақыру. Сондықтан тәртіп сақшылары қала тұрғындарын орталық көшелерді таза ұстап, үй аулаларын жинауға шақырды.

Президент бастама жасаған «Таза Қазақстан» эуологиялық акциясының 4-аптасы басталды. Бұған дейін шөп жұлып, тал егіп, көшелерді ақталды. Енді ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандырмақ. Соның аясында тәртіп сақшыларын орталық көшелерде рейд жұмыстарын жүргізді.

Еңбекші ауданына қарасты орталық көшелерде негізінен құрылыс материалдары көп. Үй алдында үйілген құм, тас қаланың сәнін кетіруде. Сондықтан  мамандар тұрғындарды тазалықты қалыптастыруға шақырып отыр.

Кезекті рейдте полицейлер 20-ға тарта азаматқа ескерту жасады. Көше бойындағы құрылыс заттары мен құм-тасты жинап, ретке келтіру үшін 24 сағат уақыт берді. Сондай-ақ, алдағы күндері де осы тазалықты сақтап қалу жайы түсіндірілді.