Шымкент спортпен айналысатын қалаға айналып келеді. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында шаһар аумағындағы 23 спорт алаңшасында ауыл чемпионаттары өткізілген. Бұл бір жағынан спорт саласындағы инфрақұрылым нысандарын сәтті пайдалануға да сеп болған. Аталған іс-шараларға 1600-ге жуық бала қатысқан.

2023 жылдың қыркүйегінде 5000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен марафон өткізілген. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққанда қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда 2023 жылы жергілікті бюджеттен 2 млрд 323 млн.теңге бағытталған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қалада спорт ғимараттарының саны 772 бірлік. Жалпы оның 98 жеке меншікте. Жыл басынан қаламызда үстел теннисі спорт кешені және ипподром құрылысы демеуші есебінен болса, Металлург стадионы және спорт мектебінің ғимараты бюджет есебінен пайдалануға берілген.  

2023 жылдың қорытындысы бойынша, 3 ҚРЕСШ, 32 ХДСШ, 122 ҚРСШ дайындалған. Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында ҚР құрама сапында Шымкент қаласынан спорттың 23 түрінен 66 спортшы қатысып, 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль жеңіп алған болатын.