Шымкентте 1 мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне орай жүгіру марафоны өтті. Таңмен таласып спорт сүйер қауым, Асанбай Асқаров атындағы «Дендросаябаққа» жиналып, жаппай марфонға қатысты. Бірлігі жарасқан желаяқтар жайлы әріптесім айтады.

Бірлік жарысына қатысамын деушілердің қатары көп болды. Таңмен таласып жиналған қала тұрғындары мен қонақтары жаттығуға кірісіп кетті. Іс-шараға әуесқой, белсенді қала тұрғындары, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, этномәдени бірлестік мүшелері мен қатар ассамблея жастары қатысты.

 Жаппай жүгіруді, жалпы спортпен шұғылдануды күнделікті әдетке айналдыру керек. Осыла деген ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы бұқаралық спортты дамытуға атсалысуға шақырды.

 Ұйымдастырушылар жарыстың мақсаты – қаламыздағы барлық этностарды, қала тұрғындарын бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының төңірегіне топтастыру екенін атап өтті.

Жүгірушілер 5 шақырым қашықтықты оңай әрі жеңіл еңсеріп келді. Көбі 15-20 минутта мәреге жетті.  Алғашқы болып, әрине, 2-ші спорт мектебінің жаттықтырушысы Азизхан Камилжанов жетті. Шара соңында қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табысталды.