Түркістан облысының әкімі Дархан сатыбалды Түркі тілдес мемлекеттерден келген бір топ БАҚ өкілдерімен кездесі. Басқосуда күллі түркі жұртының рухани астанасы болған көне шаһардың тарихы мен бүгінгі жаңғыру жолы туралы айтылды.Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары өңірдің киелі жерлеріне табан тіреп, көрікті жерлерін аралап, еліміздң туризмін насихаттайтын болады.

Бауырлас елдерден келген БАҚ өкілдерін облыс әкімі арнайы қабылдап, түркі тілдес елдер арасындағы рухани, мәдени  және экономикалық байланыстарды нығайтуға басымдық берілетінін жеткізді. Осыдан тура бес жыл бұрын Түркістан облысы құрылып,көне қала ортаыққа айналды. Мемлекет басшылығының қолдауымен ауқымды жұмыс атқарылды.Мәдениет, білім,  спорт ғимараттары, тұрғын үйлер, және туристік нысандар бой көтерді.Халықаралық әуежай ашылып, қазір оның мүмкіндігі кеңейтіліп, бауырлас елдермен тұрақты рейтерді көбейту бағытында жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облысымыз күн санап көркейіп келеді.Біздің алға қойған мақсатымыз жоғары. Әлі де маңызды жобаларды жүзеге асырамыз,деді облыс әкімі.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Туризм – облыс экономикасының басым салаларының бірі. Бірегей архитектуралық-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар біздің өңіріміз туризмді халықаралық деңгейде дамыту үшін зор әлеуетке ие. Облысты ашық аспан астындағы мұражай деуге болады.

Кездесуде журналистер мен туризм сарапшылары да өз пікірлерін ортаға салды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың түлегі, түркиялық «ТРТ» арнасының қазақ редакциясының басшысы Уфук Тузман Түркістанның ажарланып, жаңара түскенін тілге тиек етті.

Уфук Тузман «ТРТ» арнасының қазақ редакциясының басшысы
- Түркістанға келіп, өзгерістерге таңғалдым. 5 жылда көп дүние өзгеріпті. Студенттік шағым осы қалада өткен. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алдым. 22 жылдан бері радиода түркі елдері бірлігін насихаттап жүрмін. Қазақ тілінде хабар таратамын. Түркістан – біздің алтын ұямыз. Облыс туризмі туралы Түркияда кеңінен ақпарат таратамын. Әріптестерім де Қазақстанның ғажайып табиғатын, Түркістанның туризмін өз елдерінде насихаттайды

Кездесуде Әзербайжан өкілі, «Asan» радиосының журналисі Аида Эйвазова Түркістанның тарихына тоқталды.Қос ел басшыларының әріптестік байланыстарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ал Өзбекстандық «Махалла ТВ» және «Милли ТВ» бас редакторының орынбасары Рузибай Йулдашев туризмді дамытуда түркітілдес елдер бір-бірімен тәжірибе алмасқаны,бірлесе дамытқаны жөн екенін айтты.Қырғызстандық  блогер және әнші, қоғам белсендісі,Самат Долотбаков та халықтар достығы, туризмді дамыту бағытында пікірін білдіріп, Түркістанның қысқа уақытта заманауи шаһарға айналғанын атап өтті.Қазақстандық танымал политтехнолог және саяхатшы Артур Нығметов түркі мемлекеттерінің бірлескен туризм кластерін дамыту мәселесін көтерді. Ақпараттық турға шақырылғандар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, жаңарған Түркістанды, Отырар, Сауран қалашығын, Ақмешіт үңгірі мен Қасқасуды және өзге де туристік нысандар мен тарихи ескерткіштерді аралады. Алған әсерлері мен туризм бағытын өз елдерінде кеңінен насихаттайтындықтарын жеткізді.