Сайрам ауданында өңірлік өнім көлемі 203,1 млрд.теңгеге жетіп, өсім 19,2%-ды құраған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс салаларының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 269,0 млрд. теңгеге жеткізіп, 12% өсімді қамтамасыз ету жоспарланған. Соңғы 4 жылда өзіндік кірістер 2 есе ұлғайған.

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның 2030 жылға дейінгі даму жоспарын баяндады. Жиында экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды. Облыс әкімі аймақта өндіріс орындарын арттырып, инфрақұрылым жүйелерімен қамтуды, тапсырды. Сонымен қатар қайта өңдеу өнеркәсібіне ден қою қажеттігін ескертті.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Түлкібасты көріп жатырмын алма төгіліп жатыр Соны қайта өңдеу жоқ

Аудан әкімінің айтуынша, негізінен сүт, ет шаруашылығына маманданған, тамақ өнеркәсібі дамыған аудандардың бірі және кәсіпкерлік белсенділігі жоғары. Аудан халқының тығыз орналасуына байланысты тұрғын үй құрылыс үшін берілген жерлердің инфрақұрылым жүйелерімен қамтылмауы, инфрақұрылым жүйелерінің тозуы мен электр қуатының тапшылығы байқалады.

АРМАН САБИТОВ, САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

- 2025-2030 жылдарға 1 трл 220 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осы бағытта жобаларды қалыптастыруды

Облыс бойынша халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен өнеркәсіп өнім көлемін 2030 жылға 3,7 есеге немесе 205,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни, жоспар бойынша 6 жылда 635,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілмек.