Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Алдын ала есеп бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 9 айда 3,7 трлн. теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 110,6%-ды құрап отыр. Сонымен бірге аймақта кіріс көздері ұлғайған. Аталған мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Дархан Сатыбалды индикаторларды
Жыл басынан бері өңірде өнеркәсіп өнім көлемі 857,1 млрд. теңгені құрап, өсім 106,8% деңгейінде болған. Өсудің оң үрдісі тау-кен, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері, жиһаз өндірісінде салаларында байқалады. Өңдеу өнеркәсібі өнімі нақты 409 млрд. теңгені құрап, 2 есеге артқан.
Ал, ауыл шаруашылығы өнім көлемі 747,3 млрд. теңгені құрап, өңір республикада көш бастады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 822,3 млрд. теңгеге жетіп, артығымен орындалған. Өндіріс орындарын ашып, әлі де өзіндік кірістерді көбейту қажеттігін айтқан Дархан Сатыбалды индикаторларды орындау көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдерінен тиісті түсініктемесі алынатынын жеткізді.
2024 жылғы 3-ші тоқсан қорытындысымен бюджетке 181 млрд. 200 млн. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 103,6%-ға орындалып отыр. Аймақта өндіріс орындарын ашу, салық мәдениетін көтеру, өзіндік кіріс көздерін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.