Қазақта үш бәйтерек, бес арыс бар. Бәрі де ел үшін ерен еңбек етіп, қоғам дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар. Олар Бейімбет Майлин, Ильяс Жансүгіров және Сәкен Сейфулин. Үшеуін байланыстырып, бір арнаға тоғыстыратын фактор – туған және атылған жылдары. Үшеуі үш өңірде туып, түрлі салаға машыққанымен бірлесе қазақ санасын жаңғыртып, жыртығын жамауға күш салды.
 Биыл аталған үш алыптың туғанына 130 жыл. Мерейтойлы дата жоғары деңгейге атап өтіліп, жас өренге үш бәйтерек сара жолы үлгі етілуде. М.Әуезов университеті де көштен қалмай, студент санасына ақын-жазушылар қалдырған мирасты насихаттап жүр.
 ҒАНИ БЕСБАЕВ, РЕКТОР МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
– «Саналы ғұмырында ұлт үшін күрескен абзал жандар біз үшін бағалы тәуелсіздігімізді мирас етіп кетті» - 01:08 // NURVERIK7713_01 //    
 Іс-шарада өнер факультетінің студенттер арнайы қойылым сахналап, көптың жадына репрессия жылдарын салды. Ондағы азап пен қиындық, үш арыстың елге деген шексіз махаббаттары суреттелді. Мәлік Ержігіт – Сәкен Сейфулин образын жандандырып, рөлін сомдады. Айтуынша, ол дайындық барысында аталған тұлғаны терең зерттеп, шығармашылығымен таныстқан.

 МӘЛІК ЕРЖІГІТ, СТУДЕНТ
 – «Сәкеннің бір өлеңін осы оқып жатқан жалғыз өзім бір бөлмеге қамалып алып оқып, оның әбір сөзіне мән бердім.»

 Мерейтойлық концерттен бөлек, университет файесіне арнайы көрме ұйымдастырылған. Онда үш арысқа қатысты кітаптар, фото-суреттер қойылған. «Мұндағы мақсат жастар санасын сілкілеп, отансүйгіштік қасиетін жетілдіру» дейді ұйымдастырушылар.

СПИКЕР: ИНДИРА ҚАБЫЛАНҚЫЗЫ, АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
01:24 – «Ұлттық идеялогиямыз үшін қызмет атқарған ұлы тұлғаларымызды жастар санасына жеткізу деп білемін.»  - 01:31 // NURVERIK7760_01 //

КСМ: Жиында университет ғалымдары баяндама жасап, кеңейтілген ақпарат берді. Өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.