Малайзиялық Proton компаниясы Қазақстанда электромобиль шығаруды бастайды. Алматы мен Қостанайда екі зауыт салынады. Жылына 190 мың автокөлік өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.


Proton – Малайзияның ұлттық бренді. Компания өткен жылы алғашқы e.MAS 7 электромобилін таныстырып, 24 мың доллар деп бағалаған.

Қазақстанда автокөлік өндірісі қарқынды дамып келеді. Былтыр 134 мыңнан астам көлік құрастырылды. Экологияға зиянсыз электромобильдерге сұраныс артқан. Бұл зауыттар ел экономикасына серпін бермек.