Мемлекеттік тіл мәртебесі жыл санап артып келеді. Мегаполисте қазақ тілінің қолдану аясы, әсіресе, жастар арасында кеңеюде. Бұл жайында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары «Miras» аймақтық кеңесіне баяндады. Тақырыпты тілші тарқатады.


Аманат партиясының 2023-2027 жылдарға арналған 5 жылдық сайлау алды бағдарламасы бар. Жол картасы аясында атқарылған шаруаларды кеңес мүшелері тыңдады. Мәдениетке байланысты біраз тармақтар талқыланды. Әсіресе тіл саясаты мәселелеріне арнайы тоқталды.


МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тіл саясаты мәселелері бойынша жүргізілген әлеуметанулық және талдамалық зерттеулердің нәтежиесі 98 % құрап отыр,көрнекі ақпараттар мен деректемелерді дұрыс жазу жарнамалар,баға көрсеткіштерін мемлекеттік тілде рәсімдеу қажеттігі бойынша түсіндіру жұмыстары әр аптаның сәрсенбі бейсенбі күндері жүргізіліп отырады.


Мегаполисте мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 2029 жылға дейін 93,5 пайызға жеткізу көзделген. Осы бағытта ауқымды шаруалар атқарылып жатыр. Қазірдің өзінде қазақ тілді жастардың қатары артып отыр.


СӘКЕН МӘЖІНБЕКОВ, САЯСАТТАНУШЫ

Қазір бір ғана мәселемен қарап шығуға болады статистиканы, мектеп бітіріп жатқандардың ҰБТ таңдау мәселесіне,бұрынғы кездерде 50-60% айналасында болатын болса,қазір 80%дың айналасына жетті,қазіргі таңда енді сол қазақ тілді балалардың өзінің біразі ағылшын тілінде таңдап жатыр,бұл деген сөз қазақ тілінің аясы,тіпті жасанды интеллектің өзінде қазіргі таңда қолдану аясында жасанды интелектте қазақ тілі кеңінен қолданыста.


AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жас ақындар мен жазушылар арасында әдеби-шығармашылық байқау ұйымдастырып отыр. 18 бен 45 жас аралығындағы қатысушылар «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» жазудан бақ сынасатын болады. Байқау 16-шы маусымнан басталды.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

31-ші тамызға дейін аймақтық деңгейде жеңімпаздарды анықтап барлығына өзіміздің табыстаған сый-сыйапаттарымызды қаржылай беретін боламыз,қала жазушыларын,жастарды осы байқауға қатысуға белсене шақырамыз.


Айтып өтейік, осы отырыста Мирас аймақтық кеңесі төрағасы ауысты. Бұған дейін кеңестің көшін алға тартқан Момбек Әбдәкімұлы тізгінді мәслихат депутаты Талғат Балтабаевқа тапсырды.