Түркістан облысында өткен жылы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі 8-ге азайған. Балалар қылмысы соңғы 4 айда 44-тен 35-ке төмендеген. Ерте жүктілік деректері жылдағыдан аз. Балалардың қауіпсіздігін қорғау, жан-жақты дамыту бағытындағы жұмыстар кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырыста айтылды.
АИДА ТАШЕВА, ТІЛШІ:
Өңірде кәмелеттік жасқа толмағандарды қолдау, құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Өңірде 17 отбасын қолдау орталығы ашылды. Осының арқасында 1 300 ата-анамен, 1 700 педагогпен және қиын жағдайға тап болған 130 баламен консультация өткізіліп, тиісті көмек берілді. Бүгінде облыста 1797 педагог-психолог бар. Өңірдің мектептеріндегі бала санына сәйкес 86 сала маманының қажеттілігі анықталып, жаңа оқу жылынан бастап енгізу жөнінде тапсырма берілді.
БЕЙСЕНБАЙ ТӘЖІБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
АИДА ТАШЕВА, ТІЛШІ:
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 1 327 педагог-психолог, 2 514 мектептегі тәрбиеге жауапты маман және 17 аудандағы әдіскерлер біліктілігін арттырған. 5-11 сыныптардың 259 588 оқушысынан психо-эмоционалдық жай-күйлерін, мазалап жүрген мәселелерін анықтау үшін анонимді әдісімен сауалнама алынып, көмекке мұқтаждарымен тиісті жұмыстар жүргізілген. Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 1143 білім беру мекемесінің көрінетін орындарына 111 QR коды орналастырылып, қиын жағдайға тап болған кез-келген оқушы психологиялық жәрдем алуда.