Биыл 1 маусымға дейінгі жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 814 теңге болса, базалық зейнетақы – 47 688 теңге.


Осыған дейін хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды. Бұл ретте, мемлекет басшысы 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыруды жүзеге асыруды тапсырған болатын. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Соңғы статистикаға сүйенсек, бүгінгі таңда елімізде 2 млн 481 мыңзейнеткер бар. Оларға жыл басынан бері қазынадан 1 трлн 745,9 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 181,2 млрд теңге қарастырылған.