Балаларға базарлық! Енді бүлдіршіндер бар жанарды жаулаған «Тоқты мен серке» анимациялық фильмін үлкен экрандардан тамашалай алады. Адами құндылықтарды дәріптеп, жас өренді ізгілікке тәрбиелейтін «Balapan» телеарнасының төл өнімі 3 шілдеден бастап үлкен экрандарда көрсетіледі.
Мультфильмнің бас кейіпкерлері – үй маңынан ұзап көрмеген - Тоқты мен Серке.
Жаңа маусымда қос кейіпкерге тағы бір жаңа қарсылас қосылады. Ол үй жануарларын ұрлап әкетуді көздейтін Гектар атты алып ит. Гектар ақыр соңы дегеніне жетіп, Тоқты мен Серкені тұзаққа түсіреді. Оқиға әрі қарай қалай өрбейді? Ізгілік зұлымдықты жеңе алады ма? Кинотеатрдан көріңіз!