Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жүргізілді.
Ота Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймаханов және орталықтың жоғары білікті мамандарының қатысуымен жүргізілді. 41 жастағы науқасқа 20 жастағы туған қарындасы өз еркімен донор болуға келісім берген. Донор толық медициналық тексеруден өтті, қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде. Трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақтанып келеді.