Qara Quiz интеллектуалды сайысының супер финалы өтті. 7 кезеңнен тұратын білім бәйгесіне 21 команда қатысты. Олар бұған дейін іріктеліп, жүзден жүйрік атанғандар. Сюжеттен көрейік.


Жас өрен жауап іздеген сауалдардың ауқымы кең болды. Қатысушылар әдебиет, тарих, география, физика-химия, математика және логика ғылымдары төңірегінде ой жарыстырды. 21 команданың әрбірінде 5 қатысушыдан бар. Оқушылар мен студенттер бөлек бағаланды.


 ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.У.А.
– «Барлығына бірдей сұрақ, талап берілген. Бірақ бөлек-бөлек бағаланады.» «Жас ерекшелігі міндетті түрде ескерілді.»  «Талапқа сай, жас ерекшелігіне сай сұрақтар дайындалған.»


 Жарыс қорытындысына сәйкес, оқушылар арасындағы бас бәйгені «Келешек» командасы жеңіп алды. Оларға ҰБТ курсы сыйға берілді. Ал екінші және үшінші орын иегерлеріне Ташкент қаласына бір күндік саяхат жолдамасы тарту етілді. Студенттер арасындағы басты жүлдені Ө. Жәнібеков университетінің «Болашақ» командасы еншіледі.


 МЕЙРАМБЕК ТЕҢЕС, «БОЛАШАҚ» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
 – «Куиздің бүгінгі сұрақтары жақсы. Жеңілі де, күрделісі де бар.»


 Сайыс соңында жеңімпаздар кубок, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, куиз жас өреннің ақыл-ойын ұштап, тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.