Жалпыұлттық коалиция құрамында қызмет атқарған азаматтар марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғысхаты және Жалпыұлттық коалиция төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов қол қойған Алғысхаттар табысталды.


Салтанатты жиынға өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген түрлі сала өкілдері қатысты. Марапатталғандардың қатарында ардагерлер кеңесінің мүшелері, Түркістан облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, коалиция құрамына енген саяси партия өкілдері, «AMANAT» партиясының белсенділері, журналистер, азаматтық қоғам институттары мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері бар. Олардың барлығы елдік маңызы бар науқан барысында ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті. Алдағы уақытта да қоғаммен ашық диалог орнатып, ел мүддесіне қызмет ететін бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру жалғасатыны атап өтілді. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы әрдайым халықпен бірге болып, осындай игі істердің ұйытқысы бола беретініне сенім білдірілді. Бұл марапаттау рәсімі қоғамның түрлі өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды. Түркістан өңірінде қалыптасқан бірлік пен өзара түсіністік елдік маңызы бар бастамалардың табысты жүзеге асуына негіз болып, алдағы жауапты міндеттерді бірлесе атқаруға жол ашатынына сенім мол.