Еліміздегі үздік гастроэнтеролог мамандар мегаполисте бас қосты. Олар соңғы жылдары елімізде күрт өскен созылмалы асқазан-ішек ауруларының алдын алу мен емдеу мәселелерін талқылады. «Асқазан-ішек патологиясы бар күрделі науқастар: мамандықтар тоғысындағы шешімдер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жайында тілші әңгімелейді.


Қазақстанға танымал 150-ден астам үздік маман мен ғалым Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының базасында бас қосты. Олар соңғы жылдары асқазан-ішек ауруларына шалдыққандар санының күрт артқанына алаңдаулы. Соңғы 5 жылда балалар мен жасөспірімдер арасында бұл аурулар үш есеге көбейген.


ЛӘЗЗАТ СЫЗДЫҚОВА, GASTROMED МЕДЕЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
У нас большой регион. Біз үлкен өңірміз, соған сәйкес асқазан аурулары бойынша да алда тұрмыз. Семіздік жасөспірімдерде де, ересектерде де қалыпты жағдайға айналып барады. Гастрит пен панкреатит әсіресе жастар арасында жиі кездеседі.


 Мұның басты себептерінің бірі – фастфуд пен газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну. Бұл семіздік пен онымен байланысты аурулардың дамуына әкеледі: қант диабеті, атеросклероз, бауыр аурулары, жүрек-қантамыр және эндокриндік жүйе сырқаттары. Қатерлі ісікке шалдығу да жиілеп келеді.


ӘСЕМ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ ДӘРІГЕР
Қазіргі таңда салауатты өмір салтын сақтамау, бактериялар мен вирустардың әсері ас қорыту жүйесі ауруларының көбеюіне әкелуде. Конференцияның мақсаты – өңірдегі мамандарды бір алаңға жинап, заманауи зерттеулер мен тәжірибені жас мамандарға жеткізу.


Гастроэнтерология – денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті бағыттардың бірі. Осы және өзге де маңызды мәселелер еліміздің жетекші дәрігерлері қатысқан Шымкент қаласындағы ірі конференцияда талқыланды. Ғылыми жиынның өтуіне GASTROMED гастроэнтерология клиникасы, Қазақстан гастроэнтерологтарының альянсы және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мұрындық болды.