Елімізге талай талантты танытқан танымал жоба – SuperStar KZ қайта оралды. Бір кездері сахнаға жаңа есімдер әкелген музыкалық байқау бұл жолы да жас орындаушыларға үлкен мүмкіндік ұсынбақ.


АНЕЛЬ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Араға 20 жыл салып, SuperStar KZ тағы да жаңа есімдерді іздейді. Кезінде дәл осы жобадан түлеп ұшқан Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Қайрат Түнтеков, Алмас Кішкенбаев сынды өнер иелері халыққа кеңінен танылып, қазақ эстрадасында өз орнын қалыптастырды. Енді бұл мүмкіндік – жаңа буынның еншісінде.


 Кастингке 16 мен 25 жас аралығындағы кез келген үміткер қатыса алады. Басты талап – таза дауыс, шынайы орындау және сахнаға дайындық.


 Айта кетейік, кастинг Қазыбек би көшесі, 20 мекенжайында таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өтеді. SuperStar KZ – бұл жай ғана байқау емес, бұл – жаңа есімдердің тарихы басталатын алаң.