Биыл Шымкенттегі бірқатар мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті бюджеттен №41, 42, 46, 96, 106 мектептер мен №1 білім-инновация лицейі ғимараттарын жаңарту үшін қажетті қаржы бөлінген.


 Мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс жарияланып, мердігерлер анықталған. Сондай-ақ Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжі, №16, №19, №66, №82, №121 және №122 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылға қажетті қаржы бөлініп, 15 мектептің кабинеті модификацияланатын болады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов баспасөз брифингінде мәлімдеді.


ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Бұл мектептер былтыр, биыл жаңартудан өтеді. Басқа мектептерге де кезең-кезеңімен осындай жұмыстарды атқарамыз.»