Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, электрондық темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты.


 Үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна ашып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатқан. Жүргізілген шаралар нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары электрондық темекі өнімдерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.