Шымкентке Қазақстанның халық әртісі, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, экстрада жұлдызы Роза Рымбаева гастролдік сапарымен келді. Халық жүрегінен орын алған танымал әуендердің орындаушысын іздеп, алыс-жақыннан арнайы келген тыңдарман қарасы қалың болды.
Роза Қуанышқызы – 1977 жылы Болгария төрінде өткен «Алтын орфей» халықаралық сайысында дәл осы әуенді шырқап, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алады. Содан бері елу жылға жуық уақыт өтсе де батыр қызды ұлықтайтын рухты әуен әлі де ел ауызында.
БАҚЫТ КАДЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Розаның келгеніне өте қуаныштымыз. Мен оның әуендерін ең алғашқы гран-при алған кезінен бері тыңдаймын. Сондықтан Роза, жарайсың!»
ҚАТИРА БАЙҒАРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Жүрегімізбен тыңдаймыз бұл кісінің әуендерін.» «Әсіресе Әлиясы.»
Әрбір әуені тыңдармансыз қалмайтын әншінің биыл сахнада жүргеніне 50 жыл. Осыған орай атақты орындаушы еліміздің бірнеше қаласын аралап, жеке ән кешін ұсынбақ. Кезекті сазды концерт Шымкент төрінде өтті. Келушілердің қарасы қалың. Роза Рымбаеваның өзі Шымкенттік тыңдарманның талғамы мен сұранысын жоғары бағалайтынын айтады.
РОЗА РЫМБАЕВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ
– «Шымкенттің халқы өнерді жоғары бағалайды. Түсінеді. Шымкенттен талай талантты жұлдыздар шыққан. Ақын-композиторлар шыққан.» «Осыдан 15 жыл бұрын келгем жеке концертіммен. Содан бері міне екінші рет келіп тұрмын жеке концертіммен.» «Елу жылдағы ең танымал әуендерді бүгін халықпен бірге шырқаймын. Өйткені бұл әуендерді халық жатқа біледі.»
Шығармашылық кеште әншінің бұрын-соңды шырқалмаған жаңа әуендері де орындалды. Шымкенттіктер ыстық ықылас танытып, әрбір әнді ұйып тыңдады.