Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыстың ел экономикасындағы маңызды рөлі атап өтіліп, аграрлық сектор өкілдерімен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығы ерекше айтылды. Вице-министр қатысушыларға мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының негізгі бағыттарын таныстырып, жаңа стратегиялық бағдарламаның өндіріс көлемін ұлғайту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және шаруашылықтардың тиімділігін арттыру арқылы сала үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және жер заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Ермек Кенжеханұлы фермерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялау, кредиттік ресурстарға қолжетімділік, мал шаруашылығын дамыту және өнімдерді өткізу мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды көтерді. Вице-министр мемлекет өңірдің агроөнеркәсіптік секторына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.