Жедел жәрдем қызметі жаңа автокөліктермен толықтырылады. Адам жанын ажалдан арашалаушы мамандарға жыл сайын заманауи көліктер беріледі. Өткен жылы 30 көлік берілген еді. Мамыр айында тағы 25 көлік сатып алу жоспарланған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары баспасөз брифингінде мәлімдеді.
ИННА ГЛАЗБЕНАЯ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жедел жәрдем көліктері заманауи құрылғылармен жабдықталған. Машинада алғашқы көмек көрсетуге қажетті барлық жағдай қарастырылған. Барлық стандарттарға сай келеді.
Биыл Шымкенттегі 90 медициналық ұйымның 60-ы ұлттық аккредитациядан өтті. 106 ота жасалған. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел жәрдем мамандары видео жетондармен қамтылған. Бейне құрылғы маманның шақыртуға дер кезінде барғанын және қажетті қызметті сапалы көрсеткенін бақылайды. Маманға қауіп-қатер төнген жағдайда жасанды интеллект бірден полиция қызметіне сигнал жібереді. Бұдан бөлек цифрландыру бағытында «Plus AI» және «PAC System» жүйелері іске қосылған.
ИННА ГЛАЗБЕНАЯ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жүйе қатерлі ісік, өкпе аурулары, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі патологияларды ерте анықтай алады. Адам болғасын кейде дәрігерлер де кейбір ақауларды байқамай қалуы мүмкін. Кейбір ауруларды анықтау қиынға соғады. Сол кезде бұл жүйе көмекке келеді.
Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматында жалғасты. Басқарма басшысы журналистер жолдаған сауалдарға жеке дара тоқталып, толыққанды жауап берді.