Түркістандық полицейлер рейд барысында мас жүргізушілердің жолын кесті. Polisia.kz-тің хабарлауынша, патрульдеу кезінде Сарыағаш ауданында мас күйде көлік басқарған 4 жүргізуші анықталды.
Бір түнде анықталған аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер медициналық куәландырудан өткізілді. Алкогольдік мас күйде екені расталған соң, заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік құралдары арнайы айыптұраққа қойылды.