Түркістанда «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, энергетика саласында еңбек ететін ұжымды мейраммен құттықтады.  


 Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрі насихатталып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Қол күрес, арқан тарту, асық ойнау, ләңгі тебуден жарыстар өтті. Сонымен қатар киіз үйлер тігіліп, қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Әсем ән мен күй орындалып, өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.