Шымкентте сән әлемінің жаңа парағы ашылды. Мұнда отандық талантты дизайнерлер мен стильді брендтердің басын қосқан ауқымды TERRA FASHION көрмесі басталды. Іс-шара аясында қазақстандық шеберлердің тың туындылары мен заманауи трендтер таныстырылуда.
Бағдарлама барысында отандық дизайнерлер өздерінің жаңа топтамаларын паш етіп, бірегей брендтердің өнімдері көрсетілді.
ДИНАРА МУРЗАБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Біз қазақстандық дизайнерлерді қолдау үшін осы жобаны қолға алдық.
Көрме аясында тек сән үлгілері ғана емес, сонымен қатар жас шеберлерге арналған шеберлік сабақтары мен арнайы ақпараттық сессиялар ұйымдастырылған. Көрме қонақтары дизайнерлермен тікелей тілдесіп, эксклюзивті туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды.
НҰРСҰЛТАН ЕСҚАРАЕВ, ДИЗАЙНЕР
Әртүрлі жобаларды іске асырғаннан кейін, үйлерді сәндеуге арналған жабдықтарды өз қолымызбен жасаймыз деп шештік. Екі айдан бері шоурум ашып, жұмыс істеп келеміз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кеш – сән әлеміндегі соңғы трендтерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған таптырмас алаң. Қазіргі таңда көрмеге келушілер саны артып, қазақстандық сән индустриясына деген қызығушылықтың жоғары екені байқалады.