Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде халықаралық мәдени-ғылыми симпозиум өтті. Басқосуда түркі әлеміне ортақ рухани құндылықтар, ахілік дәстүрі мен Ясауи ілімінің сабақтастығы кеңінен талқыланды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ахілік – адал еңбек пен бауырластыққа негізделген өркениеттік үлгі. Жиынға Қазақстан мен Түркиядан келген ресми өкілдер қатысып, Қожа Ахмет Ясауи мұрасының түркі бірлігін нығайтудағы маңызын атап өтті.