Жыл басынан бері Түркістан облысында шіркейге қарсы жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу тұрақты жүргізілуде. Шіркей дернәсілдерінің даму сатысына қатысты тиісті зерделеу жұмыстары уақытылы атқарылып келеді.
Ақпан-наурыз айларында 9 рет Сырдария өзені бойында мониторинг жүргізіліп, дернәсілдердің даму сатысына бақылау жұмыстары жүзеге асырылған. Ғылыми сүйемелдеуде 6 биолог, арнайы техника, қайық және лаборатория біріктіріліп, мониторинг жұмыстары барысында талданған мәліметтерді басқармаға тұрақты түрде ұсынып отырды. Сырдария өзенінің жалпы облыстан өтетін қашықтығы 354 шақырым болса, соның ішінде препараттарды дайындау, дәрілерді құю нүктелері өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейтілген, арнайы техникалар мен дәрі көлемі толық дайындалған.
БАҒЛАН ТАСБОЛАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Химиялық залалсыздандыру жұмыстары 56 елді мекенді қамтиды. Олар 12 секторға бөлінген. Осы секторлардың барлығы аудан, ауыл әкімдіктерінің мамандары мен басқармадан жауапты мамандар бекітілген. Қазіргі таңда мамандар нысан басында жұмыстарды бақылауда. Сондай-ақ, аудандарда арнайы штабтар құрылған. Шіркейлерге қарсы күресу жұмыстары тұрақты қадағаланатын болады.»