Мегаполистегі өзекті мәселелер қоғамдық кеңестің назарынан тыс қалмайды. Көктемгі мезгілде қаланы көгалдандыру жұмыстары күн тәртіптен түспей тұр. Сонымен қатар жаңақұрылыс аймақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да кеңес мүшелерін алаңдатады. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын тілші әңгімелейді.


Жиынды кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізіп, оған кеңес мүшелері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес бірқатар салалық басшылардың есептері тыңдалды. Отырыста Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, сондай-ақ қалалық Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов баяндама жасады.


ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
2026 жылғы жоспардағы жұмыстарды қоғамдық кеңес алдында баяндауға келіп отырмыз. Аудандағы инфрақұрылым, абаттандыру, көгалдандыру секілді жұмыстар сараланады. Қоғамдық кеңес мүшелері де өз ұсыныс-пікірлерін білдіреді.


ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Білесіздер, былтырдан бері ваучерлік жүйеге көштік, барлығы электронды және ашық өтеді. Биыл 13 балабақша ашылды, кезекте 28 мың бала тұр.


 Қоғамдық кеңес мүшелері баяндама тыңдамас бұрын тиісті салаға мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Соның нәтижесінде баяндама тыңдалғаннан кейін өзекті мәселелер талқыланады.


БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
 «Арнайы басқармалар мен аудан әкімдерімен мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Бөлінген қаржы қалай жұмсалып жатыр, сапасы қандай — осыны толық саралаймыз. Қандай кемшіліктер бар — соны анықтаймыз».


Білім саласына енгізілген цифрлық шешімдер тиімділігін көрсетуде. Жаңа жүйелер заң бұзушылықтарды анықтап, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. «Qarqyn» ақпараттық жүйесі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай мемлекеттік жүйе ретінде жұмыс істейді. Барлық деректер жергілікті серверлерде сақталып, қорғалған байланыс арналары арқылы беріледі.