Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Соның аясында Мұстафа Шоқай көшесінің бойындағы аяқжол заманауи жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілді.


Жобаны іске асыру туралы ұсыныс аудан әкімдігі тарапынан беріліп, тапсырыс беруші ретінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы белгіленді. Жұмыстарды мердігер мекеме – «АТЖ» ЖШС атқарды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіз әрі еркін қозғалуына барлық жағдай жасалды. Орнатылған жарық шамдары энергия үнемдеуші технологиялармен жабдықталып, көшенің эстетикалық келбеті артты. Бұл жоба қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.