Референдумның әділ өтуін қадағалап, оны ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Салтанатты жиынға әртүрлі сала өкілдері қатысты. Мамандар әр бағыт бойынша ортақ іске атсалысып, елге жаңа конституцияның мәнін түсіндірді.
Еңбек еленіп, белсенді азаматтарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек саяси науқан барысында ешқандай құқықбұзу деректері тіркелмегенін айтып, оған үлес қосқан азаматтарға ризашылығын жеткізді. Мамандардың сөзінше, жалпыхалықтық референдумға Шымкенттіктер белсене қатысқан.
БАҚТИЯР ТАЙЖАН, ЖУРНАЛИСТ
– «Мен енді сол жерде болдым ғой. Халық өте көп келді. Сосын шын ниетімен келді. Бұл мемлекетімізге деген халықтың сенімі. Мемлекетіміз қуатты болсын. Соған қызмет ете берейік.»