Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президент атынан еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға салтанатты түрде мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыстады.


Бұл рәсім – экономикалық әлеуетті нығайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көпжылдық әрі адал еңбектің лайықты бағалануының айғағы. Марапатталғандар қатарында әртүрлі саланың өкілдері бар. Олардың әрқайсысы өз кәсіби қызметінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Олардың еңбегі, жауапкершілігі мен іске деген адалдығы – өзгелерге үлгі болып, мемлекеттің тұрақты дамуына зор үлес қосып отыр. Шаһар басшысы марапат иелеріне қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін шынайы алғыс білдірді. Олардың тәжірибесі алдағы уақытта да еліміздің игілігіне қызмет ететініне сенім мол.