Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі кәсіпкер Қанат Көпбаевпен кездесті. Жиын барысында өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Облыс әкімі аймақтың инвестициялық әлеуетіне тоқталып, өндірістік парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктерін таныстырды. Өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып, инфрақұрылымдық қолдау шаралары кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Басқосуда тараптар жаңа жобаларды жандандыру, өндіріс көлемін ұлғайту бағытын да қарастырды. Ал алдағы уақытта ұсыныстарды пысықтап, өзара ынтымақтастықты тереңдету жоспарланып отыр.