«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Республикалық маңызы бар автожолдарда бақылау күшейтіліп, пилотсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылып жатыр.
Бұл тәсіл жол қозғалысын тиімді қадағалап, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде дрон көмегімен қарсы бағытқа шығып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген 4 жүргізуші анықталды. Құқық бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылып, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірі мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ескертеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болып, талаптарды қатаң сақтауға шақырады.