Төлеби аудандық Қайнар жалпы білім беретін мектебінде «Әке өнегесі – ұлттық тәрбиенің алтын қазығы» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Шараны аудандық Әкелер кеңесі мен білім бөлімі бірлесе ұйымдастырды.
Басқосу саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған тұлға Жақсыбай Тұрғановтың мерейтойына орай өткізілді. Жиында ұйымдастырушылар әкенің отбасы тәрбиесіндегі орны жайлы ой қозғап, ұлттық тәрбие – ұлт болашағының кепілі екенін атап өтті. Шара аясында «Бақытты отбасының кілті» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар жанұядағы сыйластық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар спорттық жарыстар өткізіліп, ата-аналар мен ұстаздар арасында волейболдан тартысты турнир ұйымдастырылды. Семинар соңында белсенді қатысушыларға арнайы марапат табысталды.