Қазығұрт ауданында «Жазылым дағдысын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Білім беру мазмұнын жетілдіруді көздеген іс-шараға облыстың әр ауданынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер мен шығармашылық топ жетекшілері қатысты.

Семинардың мақсаты – жазылым дағдысын қалыптастыруда заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім алушылардың сөздік қорын байыту, грамматикалық сауаттылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту.

 Іс-шара барысында қатысушылар ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарына қатысып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тың тәсілдермен танысты. Әсіресе, мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары, критериалды бағалау жүйесін жазылым тапсырмаларында қолдану, оқушының сыни ойлауын дамытуға арналған стратегиялар кеңінен талқыланды.

Семинар аясында ұстаздар өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, практикалық жұмыстар арқылы жазылым дағдысын қалыптастырудың нақты үлгісін көрсетті. Пікір алмасу алаңында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, әдістемелік қоржындарын жаңа идеялармен толықтырды.