Тұрғындар арасында тағамнан улану жайты тыйылмай тұр. 2025 жылы астан уланудың 4 жайты тіркелген. Тергеп-тексеру жұмысының нәтижесінде 15 нысанның жұмысына тыйым салынған.  Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талапқа сай  келмеген  1 азық-түлік тауары сатылымнан алынып тасталды.


Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жұмысы кезінде мамандар азық –түлік пен ет, сүт және сусындардан сынама алған. Нәтижесінде 241 кемшілік анықталған. Атап айтқанда отандық өнім өндірушілердің өнімдерінен – 7 кемшілік, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдерінен – 39, басқа мемлекеттердің өнімдерінен -195 сәйкессіздік анықталған.  


АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мониторинг нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған сауда субъектілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы 80 қаулы  жолданып, сәйкессіздік анықталған 3603,81кг өнім сатылымнан алынды


 Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингпен тұрғындардың арыз шағымдары негізінде ауаға сынама алынып, талдау жүргізілді.  Нәтижесінде 48 сынамадан ауаның ластығы рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болған.

АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Нәтижесімен Экология департаменті тарапынан нысанға әкімшілік шара қолданылды. Атмосфералық ауаға СЭМ сапалы жүргізу мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары түзіліп, жауапты мамандар кезекшілікке бұйрықпен бекітіліп, бақылауға алынып, ауадан жағымсыз иіске арыз шағым түскен жағдайда мониторинг жүргізілді.


Қалада «Саламатты қалалар» жобасын іске асыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Жобаның мақсаты — қала тұрғындарының денсаулығын нығайту, жұқпалы емес аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Өткен жылы 154 мектеп «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасына енгізілсе, «Салауатты университеттер» жобасына 1 жоғарғы оқу орны мен 8 колледж енді. Ал, «Салауатты жұмыс орындары» жобасына 8 нысан енді.