Шымкент қаласында 2025–2026 жылғы жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, қызмет сапасын арттыру мақсатында тұрғындардың өтініштері негізінде тиісті жұмыстар жыл бойы жалғаса береді. Сонымен қатар әкімдік сыртқы жылыту жүйелерін жөндеу немесе профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынды.