21 наурыз – Дүниежүзілік даун синдромы бар адамдар күніне орай Түркістанда игі шара өтті. Қаладағы 35 күн баласы мерекелік көңіл-күйге бөленді. Түркістан облысы мәслихатының депутаты Инара Әбдіғаппарқызы шараға арнайы барып, балаларға сыйлық табыстады.
Іс-шара «Армандар орындалады» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл өткен сайын ниеттес жандардың қатары артып келеді. Бұл жолы ерекше балалардың көңілін көтеруге ойын-сауық кешені қолдау көрсетті.
ИНАРА НАМАЗБАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТЫ
Балаларға көңіл бөліп, олардың жақсы көретін кешенінде мерекені атап өтіп жатырмыз. Тұран мол орталығына рахмет!
Ерекше балаларды өсірген ата-аналарға жылы сөздің өзі демеу, қолдау. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырушылар мерекелік көңіл-күй сыйлады, ал ата-аналар алғыстарын жаудырды.
УРНИСА ИСМАИЛОВА, АТА-АНА
Бүгінгі шараға алғысымызды айтамыз.
«Армандар орындалады» жобасының басты мақсаты – ерекше балаларды қоғамға бейімдеу, қоршаған ортаға икемдерін қалыптастыру және өмірлік бағдар беру. Жиын барысында балаларға ән-биден шашу шашылып, ойындар ұйымдастырылды. Балғындар арнайы дайындалған мерекелік дастарханнан ауыз тиіп, риясыз қуанышты жүздерін жасыра алмады.