Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тағы бір отбасы баспаналы болды. Қайырымдылық шарасы шаһардағы «Отырар» шағынауданы тұрғындарының бастамасымен ұйымдастырылды.


Жаңа пәтерге ие болған Ләззат Сейітова – жалғызбасты, көпбалалы ана. Жолдасынан ерте айырылған тұрғын бүгінде үш баланы тәрбиелеп отыр. Отбасының жағдайына бейжай қарамаған көршілері бірігіп, баспана сатып беріп, ананың қуанышына ортақ болды. Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады. Сондай-ақ, 1988 жылы туған азаматтар қайырымдылық эстафетасын замандастарына жолдап, сауапты істің сабақтастығын сақтауға шақырды.