Мегаполистегі тұрғын алаптарда да биыл Наурыз мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жергілікті халық белсенді қатысуымен өтті. Бадам елді мекеніндегі мерекеде 33 киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр сабақтастығы жалғасын тапты. Бұл елді мекендегі мерекенің қалай өткенін тілшінің материалынан көрейік.
АНЕЛЬ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Бадам елді мекенінде өткен мерекелік шарада ұлттық салт-дәстүрлер жаңғыртылып, қонақтарға қазақтың қонақжайлығы кеңінен көрсетілді. Биылғы мерекенің ерекшелігі – 33 киіз үйдің әрқайсысын әр буын өкілдері дайындаған. 2005 жылғы жастардан бастап, 1967 жылғы тұрғындарға дейін ұлттық дастархан жайылып, Наурыздың шынайы рухы көрсетілді.
АҚЖОЛ ЖАНЫСБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
1993–1994 жылғы жігіттер ұйымдастырып жатырмыз. Биыл осы үрдіс бізге сай келіп отыр. 15–20 жылдан бері тойлап келеміз.
Мереке тек көрініс емес, буындар арасындағы өзіндік жарысқа айналған. Әр киіз үйдің өзіндік стилі, дастарханы мен безендірілуі көпшіліктің қызығушылығын арттырып, ұлттық рухты сезінуге мүмкіндік берді.
СЕЙДУЛЛА ИБИШЕВ, ЖҰЛДЫЗ АУМАҒЫ БОЙЫНША ТӨБЕ БИІ ТӨРАҒАСЫ
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі. Дастархан жайылып отыр.
Наурыз мерекесіне арналған мұндай іс-шаралар қала көлемінде жалғасып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.