Төлеби ауданында «Тазару күні» аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Игі бастамаға мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары, тұрғындар мен белсенді жастар атсалысты.


 Сенбілік барысында аудан көлемінде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар көшелерді, саябақтар мен демалыс орындарын, қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, арық-атыздар тазаланып, ағаш түптері қопсытылып, жасыл желектерге күтім жасалды.


Жалпы сенбілікке 2100-ден астам адам қатысып, 34 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 18 тоннаға жуық күл-қоқыс сыртқа шығарылды.


«Тазару күні» - тек тазалық шарасы ғана емес. Бұл - тұрғындарды бірлікке, жауапкершілікке және туған жерге деген жанашырлыққа үндейтін маңызды бастама. Осындай ортақ еңбектің нәтижесінде аудан келбеті көркейіп, халық үшін қолайлы әрі таза орта қалыптасуда.