«Арыс» әскери оқу-жаттығу полигонында рота-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің үшінші мотоатқыштар батальоны қатысты.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – рота жеке құрамының жауынгерлік дайындық деңгейін тексеру, дабыл бойынша жедел әрекет ету қабілетін арттыру. Әскери қызметшілердің функционалдық міндеттерді орындаудағы үйлесімділігін бағалау да осы шара аясында қамтылды. Жаттығу жоспарына сәйкес алғашқы кезеңде мотоатқыштар ротасының жеке құрамы дабылмен көтеріліп, белгіленген аумаққа жиналды. Одан кейін әскери қызметшілер шоғырландыру ауданына жылжып, ротаның іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сонымен қатар әскери қызметшілер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белгіленген іс-шараларды орындады. Дабыл бойынша көтерілген ротаның әскери қызметшілері жоғары белсенділік танытты. Оқу-жаттығудың ерекшелігі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалардың практикалық түрде орындалуында. Өткізілген оқу-жаттығу әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып, бөлімшенің жауынгерлік қабілетін нығайтуға бағытталды.
АРМАН АЙТБАЕВ, БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ
Біз үшін еліміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі, ең алдымен, бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы аса маңызды. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздік тақырыбындағы оқу-жаттығулар жүйелі түрде өткізіліп отырады.