27 наурыз – бүкіл әлемде театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді. Бұл күн – сахна өнеріне өмірін арнаған жандарға құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі бағаланатын маңызды дата.
Бүгінде елімізде 70-тен астам театр жұмыс істейді. Жыл басынан бері республикалық театрлар 170 мыңнан астам көрерменге қызмет көрсетті. Ал өткен жылы көрермендер саны 2,8 миллионнан асып, театр өнеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін айқындай түсті. Театр – рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі, көрермен мен өнер иесін тоғыстыратын ерекше кеңістік. Осы ретте сахна шеберлерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі қоғамның мәдени дамуына айрықша үлес қосып келеді. Барша театр қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және көрерменнің ыстық ықыласын тілейміз.